Алматыда соңғы 5 жылда үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға 553 миллион теңге бөлінді - А. Есімов

АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазір Үкіметте «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматы қаласының VIII Азаматтық форумындағы құттықтауында айтты.
None
None

«Игі дәстүрге айналып, сегізінші рет өтіп отырған алқалы жиынымыз мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың басты үндесу алаңы болып табылады. Форумда қабылданатын шешімдер еліміздің одан ары дамуына қарқын береді. Еліміздегі 25 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдардың 5 мыңға жуығы Алматыда орналасқан. Бұл - бір жағынан өркендеудің үлкен мүмкіндігі, екінші жағынан ауқымды азаматтық әлеует орталығы», - деді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, қоғамның барлық мүшелері елдің дамуына атсалысуда белсенділік танытуы қажет. Бұл шара Астанада 14-15 қараша күні алтыншы рет өтетін Азаматтық форум қарсаңына орайластырылды. Алматыда соңғы 5 жылда үкіметтік емес секторды қолдауға 553 миллион теңге бөлінді. 288 әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылды. Биыл оған 151 миллион теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп.

Соңғы жаңалықтар