Алматыда сот шешімімен мейрамхананың жазғы террассасы бұзылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының орталығындағы «Чачапури» мейрамханасының жазғы террасасы заңсыз салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала тұрғындарының өтініші негізінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы Абылай хан даңғылы, 107 мекенжайдағы тұрғын үйге қосалқы салынған нысанға және жазғы алаңға тексеру жүргізді.


Тексеру нәтижесі бойынша жалға алушы «Матадор» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 322-бабы 1, 319, 323-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, басқарма меншік иесі мен жалға алушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа және мемлекеттік қор аумағында орналасқан заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыздар берді.


Басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды, алайда Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсті.

Сот процестері 2023 жылдың 25 сәуірінде аяқталды – апелляциялық соттың қаулысымен сүру туралы шешім өзгеріссіз қалды. Бұзу жұмыстары12 мамыр күні сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Бұған дейін Алматыда соттың шешімімен ірі мейрамхана сүрілгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ мегаполисте тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс нысаны мен дәмхана террасасының сүрілетіні туралы жазғанбыз.


Соңғы жаңалықтар