Алматыда стандартты емес дені бітімді әйелдерге арналған киім үлгілерінің көрсетілімі болды

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда стандартты емес дені бітімді әйелдерге арналған киім үлгілерінің көрсетілімі болып өтті.
None
None

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары -түрік елінің "ZALEL" сауда маркасы. Көрсетілімде түрік елінің жетекші сауда компанияларының толық (52-ден 60 -қа дейінгі көлемде), өте кіші (34-тен 40-қа дейінгі көлемде) дене бітімді әйелдерге және аласа бойлы(150 см бойлы) әйелдерге арналған көктем және жаз киім үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар, шеберлік сыныптар өткізілді.

"Әр әйел даралығымен әдемі. Сән әлемі мен киім нарығында қазір көзқарас өзгерді. Еуропа елдерінде заңнама негізінде үлкен көлемдегі күнделікті киімдер шығарылуда. Fashion -бизнесі, журналдар да стандартсыз дене бітімді әйелдерді, "толық" табиғи әдемілікті қабылдады. Ондай әйелдер мен қыздар сән әлемінде қазіргі уақытта жоғары тұғырға шығып, дәстүрлі "идеалды" модельдерді ығыстыруда. Сондықтан қазір сәннің жаңа тренді қалыптасуда. Ол әйел сұлулығының жаңа стандартына ұласуы әдбен мүмкін",-деді "ZALEL" сауда брендінің негізін қалаушы, модельер Мұстафа Оруч. Оның айтуынша, сондықтан да компания стандартсыз дене бітімді әйелдерге арнап киім тігуде.

Мұстафа Оручтың айтуынша, енді ол киімдерді қазақстандық әйелдер мен көтерме бағамен сатып алушылар түрік еліне бармай-ақ, Қазақстаннан сатып ала алады.

"Бүгінде стандартсыз дене бітімді әйелдерге сапалы брендті киім табу өте қиын. Әсіресе, аласа бойлы әйелдерге. Бұл орайда менің ойымша "ZALEL" сауда брендінің бағыты өте дұрыс және олардың осындай бітімді әйелдерге назар аударуы қуантады ", -деді еліміздің танымал әншісі Шахизада.

Соңғы жаңалықтар