Алматыда студенттің басқарусыз трамвайды тоқтатуы Ауғанстан Президентінің көңілін босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздер үшін жолдан шығып кеткен трамвайды ауған азаматының тоқтатуы көңіл босатарлық жайт болды. Бүгін бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде айтты.
None
None

«Біздер үшін жолдан шығып кеткен трамвайды ауған азаматының тоқтатуы көңіл босатарлық жайт болды. Бұл көңілден шығарлық. Біздің өзара қарым-қатынасымыз дәл осындай рухта дамуы тиіс», - деп атап өтті Ауғанстан Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда Алматыда Ауғанстаннан келген студент Башарат хан Юссефи басқарусыз трамвайды тоқтатып, көптеген адамның өмірін сақтап қалған болатын.

Айта кетерлігі, 2010 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құны 50 млн. долларлық білім беру бағдарламасы әзірленген болатын. Аталған құжатқа сәйкес 2010-2018 жылдары аралығында мыңнан астам ауған жасы Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады.

Соңғы жаңалықтар