18:12, 04 Қазан 2016 | GMT +5
Алматыда субұрқақтағы аққулар зообаққа қайтарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Аққу» субұрқағына шілденің соңында жіберілген аққулар хайуанаттар бағына қайтарылды, деп хабарлады Алматы зообағының баспасөз хатшысы Тохтар Әлиев.

«Қазақ-Британ техникалық университеті» ғимараты маңындағы «Аққу» субұрқағына жіберілген аққулар қайтарылды. Өйткені, онда қазір жоспарлы тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша аққулар қазан айының соңында қайтарылуы тиіс еді. Тазарту жұмыстарынан кейін оларды бірнеше күнге ғана қайтарудың қажеттілігі жоқ деп шешіп отырмыз. Аққулар қыста да шыдайды. Бірақ, енді аққулар бұл субұрқаққа тек келесі көктемде, мамыр айында қайта жіберіледі. Зообақ дәрігерлерлері аққуларды тексерді, олардың жағдайы жақсы», - деді Т.Әлиев.