Алматыда «Суда жүзіп үйрен!» қайырымдылық акциясы басталды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Оңтүстік астанада «Алматының 1000 жылдығына 1000 игілікті іс» жобасы аясында қалалық ТЖД қызметкерлері ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесе отырып, «Суда жүзіп үйрен!» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты - балалар үйінің тәрбиеленушілерін суда жүзуге үйрету. Осылайша, шомылу маусымында қайғылы жағдайларға жол бермеу. Шара аясында Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері қалалық Орталық жүзу бассейнінде болды. Онда ТЖД қызметкерлері балаларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелесе, құтқарушылар оларға малтудың негізгі ережелерін және суда қалай дұрыс тыныс алуға үйретті.

«Балалар алғашқы сәттен-ақ суда өздерін сенімді ұстауға тырысты. Біз бұған риза болдық. Алғашқы дәрістен соң-ақ, он баланың екеуі өз беттерінше жүзіп үйренді», - деді Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Денис Левченко.

Өз кезегінде Алматы қалалық ТЖД Төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің маманы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Кәмила Қуанышева бүгінде көптеген балалардың өкінішке қарай суда жүзе алмайтындығын, тіпті қауіпсіздік ережелерін білмейтіндіктерін айтты.

«Біз бүгінгі дәріс барысында балаларға суда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтауға үйретеміз. Соның арқасында олар суда жүзу барысында қауіпті әрекеттерге жол бермейтін болады», - деді ол.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция шомылу маусымы басталғанға дейін жалғасып, Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін барынша толық қамтылатын болады.

Айта кетелік, бұл шараға Алматы қалалық Білім Басқармасы қолдау көрсетті.

null null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram