Алматыда суық судың өшірілетіндігі туралы қауесет жоққа шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы тұрғын үйлерде суық судың өшірілетіндігі туралы әлеуметтік желілер, солардың ішінде WhatsApp желісі арқылы тараған ақпарлар жоққа шығарылды. Бұл туралы «Холдинг Алматы су» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Алматыда суық судың өшірілетіндігі туралы әлеуметтік желілер арқылы тараған ақпарларға қатысты айтарымыз, сумен қамтамасыз ету желілеріндегі жоспарлы және апаттық жұмыстар туралы ақпараттар тек кәсіпорынның ресми сайты мен бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер, телеарналар және интернет сайттар) арқылы құлағдар етіледі. Әлеуметтік желілер, солардың ішінде WhatsApp арқылы таратылмайды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар