Алматыда сыған әйел сатушыларды гипноздап, кассадағы ақшаны алып кетіп жүрген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сыған әйел сауда орталығының сатушыларын гипноздап, олардың кассаларындағы ақшаны алып кетіп жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда сыған әйел сатушыларды гипноздап, кассадағы ақшаны алып кетіп жүрген

Сауда үйлерінің бірінің сатушысы Жетісу аудандық Полиция басқармасына жүгінді. Оның айтуынша, сыған әйел өзін әңгімеге айналдырып, кассадағы ақшаны үптеп кеткен. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл қаладағы бірінші жағдай емес екендігі анықталды.

«32 жастағы азаматша негізінен сауда орталықтарында жүретін болған. Бейнебақылау камералары оның сауда орнына кіріп, дүңгіршектердің біріне барып, сатушымен әңгімелескен көрсеткен. Сатушыны бір жерден көргенін, оны білетіндігін айтатын болған. Осыдан кейін, әңгіме барысында гипнозды қолданып, алаяқ әйел ақшаны иемденіп кеткен. Сатушы бір күндік кірісті осы әйелге берген. Сатушы есін жиған кезде, гипнозшы жоқ болып шықты. Айта кету керек, күдікті бұрын осындай әрекеттері үшін сотталған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов. Оның айтуынша, мұндай оқиғалар жиі кездеседі.

Полиция гипноздан байланысты тоқтату арқылы ғана қорғануға болатынын айтты. Яғни күдікті адаммен әңгімелесуді тоқтату керек және оның көзіне қарамау керек.