Алматыда табиғи газ 12 пайызға қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тарату желілерімен тасылатын табиғи газдың бағасы өткен шілде айымен салыстырғанда, яғни бір ай ішінде 12 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Алматы қалалық статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Сонымен қатар, жекелеген ақылы қызметтер арасында дәрігерге бастапқы көріну бағасы өткен бір жыл ішінде, яғни 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 24,9 пайызға, ал тіс дәрігерінің қызметі осы мерзім ішінде 14,4 пайыға қымбаттаған. Қалған жекелеген ақылы қызметтердің бағасы шартты жағдайда өзгеріссіз қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар