Алматыда таэквон-додан Қазақстан чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде 6-7 қаңтар күндері таэквон-додан Қазақстан чемпионаты өтеді.
None
None

Қазақстан Республикасының таэквон-до ITF федерациясы ұйымдастырып отырған бұл жарыстың қорытындысы бойынша 25-29 сәуірде Душанбе қаласында болатын VI Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады. Тәжікстан астанасындағы бұл дүбірлі дода жас ерекшелігіне қарай 14-15, 16-17 және 18 жастан жоғарылар арасында өтеді. Онда спортшылар туль, спарринг, өзін-өзі қорғау, арнайы техникалар және күшпен сындырудан жекелей және командалық сайысқа түседі. Одан кейін таеквондошылар 20-26 тамызда Эстонияның Таллин қаласында 14-15 және 16-17 жас аралғындағылардың - оныншы, ардагерлер арасындағы бесінші Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

Биыл 6-12 қыркүйекте Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында XVII Әлем чемпионатында қазақстандықтар 80-нен астам елдің ішінде жалпы командалық есепте 7-орын алған болатын. Онда жекелей сында арнайы техникадан Александр Поляков Әлем чемпионы, спаррингте Абзал Жұмағалиев күміс және Станислав Тин спарингте, ал Максим Фу тульде қола жүлдегер атанды. Қазақстандықтар жалпы командалық есепте туль мен спаррингте қола жүлденің иесі болған еді. Онда жасөспірімдер мен ардагерлер арасындағы Әлем біріншілігінің уақыты мен орны белгіленді. Ал 2 жылда бір өтетін Әлем чемпионаты 2013 жылы Болгарияда 18-рет өз жалауын көтермек.

Соңғы жаңалықтар