Алматыда тағы да бірқатар көшелердің бойымен көп қабатты үй салуға тыйым салынды

Аталған өзгерістер Мемлекет басшысының Алматыға сапары барысында айтқан ескертулерінен кейін қолға алынды.
«Алматының құрылысы регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Елбасы айтқандай, қаланың оңтүстігінде көпқабатты үй салуға тыйым салынды. 2004 жылғы қала құрылысы регламентінде 6 қабаттан жоғары сауға болмайды деп көрсетілген болатын. Енді туралы шешім өзгертіліп, 3 қабат, яғни 12 метрге жетті. Жаңа шешім бойынша тек әл-Фараби даңғылы емес, Шығыс айналма жолы, Саин, Жандосов көшелерінің бойында биік ғимарат салуға болмайды», - деді Ғ.Садырбаев.
Қала әкімі Бауыржан Байбек осы мәселеге қатысты өз ойын білдірді.
«Заң кері қайтпайды. Басталған құрылыс салынатын болады. Ал кім үлгермесе оның жобасы жаңа мемлекеттік жоспар бойынша қарастырылады. Алдыңғы құрылыс иелері өз нысанын салады. Жаңадан бастайтындардікі қайта қарастырылатын болады», - деді Б.Байбек.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматыға сапары барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары, таулы аймақтарда салынған ғимараттарға қатысты сын-ескертпе айтып еді.
Президенттің сынынан кейін қалалық кеңес қала құрылысы регламентіне өзгеріс енгізуді жөн деп шешті.
Енді тау бөктерінде ғимарат салуға тыйым салынды. Ал қаланың тауға жақын оңтүстік аймақтарында 3 қабаттан жоғары ғимарат салуға болмайды.