Алматыда такси бағасын реттеу үшін қандай шара қолданылуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтері (AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және т.б.) ұсынатын таксилердің құнын талдап, жүрудің орташа бағасын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесі аясында қаланың Кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, Авиациялық көлік прокуратурасы, Алматы қаласының туризм басқармасы, Алматы қаласының халықаралық әуежайы, Алматы қаласының халықаралық әуежайының желілік полиция бөлімі, Түрксіб ауданының жергілікті полиция қызметі, Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы қаласының полиция департаменті, Қазақстандық туристік қауымдастықтың, Алматы қадасының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және т.б. кірді.

«Екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтері (AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және т.б.) ұсынатын таксилердің құнын талдап, таксимен жүрудің орташа бағасын есептеді. Алматыда жолаушыларды тасымалдау тарифтері баратын пунктке дейінгі қашықтық пен такси класына байланысты 1200-ден бастап 12000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары баға - әуежай терминалынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум сегментінде көрсетіледі.
Айту керек, бұл тұрақты бағалар емес, тек жолаушыларға ұсынылатын бағалар. Такси құны ауа-райы, сұраныс пен басқа да деректерге қатысты өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере келе, жолаушылар баға саясатын түсіне алады», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Туристерге арналған ұсыныстарды әзірлеудің мақсаты – такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін реттеу болып табылады. Сондай-ақ, аталған жұмыс тобы қалалық аймақтарды және ұсынылатын бағаларды қоса алғанда, ресми такси операторларының қызметтерінің тарифтерін көрсете отырып, ақпараттық стендтер мен буклеттер әзірледі.Алматы әкімдігі, сондай-ақ, кедендік бақылау аймағында шетел азаматтарының паспорттарына ақпараттық қосымша парақтарды тарату көзделгенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар