Алматыда талантты жастардың шығуына ықпал ететін орталық құрылды

АЛМАТЫ. Маусымның 22-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда "Жас Отан" Жастар қанаты жанынан "Нұрлы әлем" шығармашылық орталығы құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" Жастар қанатының жиыны барысында мәлім болды.
None
None

"Біздің шығармашылық орталықты құрудағы мақсатымыз - ел ішіндегі көп талантты жастардың арасынан "сегіз қырлы, бір сырлы" дарындарды, оқу орындарынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ақын, сазгер, суретші, бишілерді анықтап, тауып, көпшілікке таныту, шығармашылықтарын дамытуға көмек көрсету, әр түрлі сайыстарға, кештерге қатысуға ықпал етіп, "таза мінсіз асыл тастың су түбінде жатпайтынын дәлелдеу" болып табылады". Әрине, көмек көрсету үшін қаражат керек, біз оны демеушілер табу арқылы іске асыруды жоспарлап отырмыз", деді "Нұрлы әлем" шығармашылық орталығының басшысы Нұржан Нағашбеков.

Оның айтуынша, орталық талантты жастардың қабілетін ашуға ықпал етіп қана қоймай, түрлі деңгейдегі жыр-мүшайра, эстрадалық, дәстүрлі ән байқауы, суретшілерге арналған көрме және тағы да басқа шараларды ұйымдастыратын болады.

Нұржан Нағашбековтың пікірінше, бұл шаралар жастар саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып қана қоймай, жастардың саяси, қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар