13:10, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Алматыда тамақ өнеркәсібіне қатысты 6-шы халықаралық көрме ашылды
АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Атакент» іскерлік орталығында 30 елдің 436 компаниясы қатысқан 6-шы халықаралық көрме ашылды.

Олар «Тамақ өнеркәсібі» ХVI Орталық Азия халықаралық көрмесі, «Тазалық индустриясы» ХІ Орталық Азия мамандандырылған көрмесі, «Қаптама, ыдыс, заттаңба және полиграфия» ХІ қазақстандық халықаралық конференциясы, «Бәрі мейманхана, мейрамхана, супермаркеттер үшін» ІХ Орталық Азия халықаралық көрмесі, «Ауыл шаруашылығы» VIII Орталық Азия халықаралық көрмесі, Франчайзинг бойынша VI Орталық Азия халықаралық көрме және форум. Қатысушылар арасында ТМД елдерінен басқа АҚШ, Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Иран, Италия, Қытай, Малайзия, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Польша, Словакия, Тайланд, Түркия, Франция, Чехия, Шри-Ланка елдерінің әртүрлі өндірісшілері бар. Қазақстан фермерлер одағының мүшесі Нәйлә Салиханованың айтуынша, бұл шара жаңа серіктестер тауып, байланыс орнатуға ғана емес, сонымен бірге жаңа білімді игеруге де өз ықпалын тигізеді. Оған ауыл шаруашылығы қалай дамып жатқанын, қандай жетістіктер барын және қандай тамақты жеуге болатынын білуге келеді.