Алматыда тәуекел менеджменті бойынша халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда сәуір айының 14-і мен 15-і аралықтарында тәуекел менеджменті бойынша VI халықаралық конференция өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш конференцияда жаңа дағдарыс әлемдегі тәуекел менеджментінің рөлі, экономикалық жағдайдың қалпы мен бағыты, әлемдік экономика дамуының болашағы, осы және өзге мәселелер талқыланатын болады.

Конференция жұмысына жақын және алыс шет елдерден 300-ден аса мамандар қатысады деп жоспарлануда. Спикерлер ретінде қаржы институттардың, өнеркәсіптік корпорациялардың бірінші басшылары, сонымен қатар тәуелсіз эксперттер, даму институты мен ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары қатысады.

«Евразия» сақтандыру компаниясы - аталмыш конференция ұйымдастырушыларының айтуынша - бұл шараның маңызы зор. Өткен жылы көтерілген мәселелер, шараға қатысушыларды дағдарысқа дайындалуға және әлемдік қаржылық дағдарыстың сынағынан жеңіл өтуге септігін тигізген.

Соңғы жаңалықтар