Алматыда «Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы» тақырыбында үстел өтіп жатыр

"Мақсат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық тойын ұлықтау және студенттерге патриоттық тәрбиені насихаттай отырып, еліміздің өткені мен бүгіні жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Онда ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Сұлтан Сартаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің құқықтық негіздерінің қалыптасу жолдары", Қазақстанның Еңбек Ері, № 159 мектептің директоры, ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: бүгіні мен болашағы», "Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Махамбет Бейдәлі «Желтоқсан көтерілісі және ұлттық сананың жаңғыруы»,«Айқын» газетінің бас редакторы-Нұртөре Жүсіп; «Азаттықтың ақ жолы» деген тақырыпта баяндама жасайды", - дейді жоғары оқу орнының Ақпарат және баспа орталығының редакторы Әлия Асмағұлова. Оның айтуынша, енді 8-9 желтоқсан күндері университетте Тәуелсіздік жылдары әндерінің І Республикалық «Арай» фестивалі өткізілмек, Оған 16-30 жас аралығындағы барлық жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта және жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыспақ.