Алматыда «Тәуелсіздік таңы - еліміздің бағы» атты көрме ашылды

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы қаласы тарихының муражайында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы - еліміздің бағы» атты көрме ашылды.
None
None

Көрмеге Алматы қаласы тарихы мұражайының қорындағы Алматының ұлттық-мәдени орталықтарынан жинақталған Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы және қазіргі өмірінен мағлұмат беретін құнды жәдігерлер топтамасы және суреттер мен құжаттар қойылған. Сондай-ақ, қонақтардың айрықша қызығушылығын тудыратын жәдігерлер - әр түрлі ұлттардың ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптар топтамасы қойылды.

Көрменің ашылу салтанатына музей қорын толықтыруға атсалысып келе жатқан Алматы қаласындағы түрікмен, украин, шешен, татар және тағы да басқа ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар