Алматыда теракті қаупі жоқ - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыға теракт қаупі бар деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда теракті қаупі жоқ - ҚР ІІМ

«WhatsApp арқылы Алматыға теракт қаупі туралы ақпарат шындыққа сай келмейді. Ілеспе виедоролик осыдан 7 жыл бұрын түсірілген, қазіргі уақытқа еш қатысы жоқ», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Оның атап өтуінше, республикадағы жедел ахуал тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр.

«Алаңдауға еш негіз жоқ. Жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертеді ол.

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Жапониямен ойнайды
Ұқсас жаңалықтар

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Жапониямен ойнайды