11:12, 14 Қаңтар 2019 | GMT +5
Алматыда террорлық актілер жасамақ болған топ мүшелері ұсталды - ҰҚК
АСТАНА. ҚазАқпарат -10 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азия елдерінің азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді», - делінген хабарламада.
Тергеу болжамына сәйкес, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылығымен әрекет еткен.
«Олар жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен», - делінген хабарламада.
Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Иллюстрациялық фото