Алматыда тез дайындалатын тағамдар сататын дәмханалардың үстінен шағымдар көбеюде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының базарларында орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысандары санитарлық нормаларды сақтамайды. Ал олардың дайындайтын тағамдарының сапасы сын көтермейді. Бұл туралы бүгін Көкбазар маңында орналасқан дәмханаларға қоғамдық тексеру шарасын жүргізген Қазақстан коммунистік халық партясы жастар ұйымының төрағасы Азамат Құрманғалиев мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша соңғы екі ай ішінде қала тұрғындары тарапынан партияның қоғамдық қабылдау бөліміне 23 шағым келіп түсіпті.

«Тұрғындарды әсіресе тез дайындалатын тағамдардың сапасыздығы қатты қынжылтады. Шағымданғандардың көбісі соларды жеп уланып қалған. Сондықтан, біз бүгін халық көп келетін Көкбазарға келіп, осында дөнер, самса, хот-дог, гамбургер және басқа да тез дайындалатын тағамдар сататын дәмханалар мен кәуіпханаларға тексеру жүргізіп жатырмыз. Біз бұл мәселе жөнінде алдымен тиісті органдарға хат жолдағанбыз. Бірақ, олар алдымен санитарлық талаптарды орындамайтын сауда нүктелірін аралап, ескерту жасап шығуымызды сұрады. Біз алдағы аптада тағы да рейдке шығатын боламыз. Ескертулерді елең қылмаған дәмханалар туралы тиісті органдарға хабарлайтын боламыз. Мұндай дәмханалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады» - деді А. Құрманғалиев.

Осылайша, Коммунистік партияның Жастар қанатының мүшелері Көкбазар маңында орналасқан бірнеше қоғамдық тамақтандыру орындарып аралап, санитарлық нормаларды сақтамай жұмыс істеп жатқан сатушыларға ескерту жасап шықты. Тексеру қорытындысы «Алматы қаласының Санитарлық-Эпидемиялогиялық Сараптама орталығы» мекемесі мен қалалық ІІД жеткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар