Алматыда тиісті мақсатта пайданылмаған 107 жер учаскесі анықталды

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қалалық аумақтық жер инспекциясы сотқа 8,5 га 89 жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арыз берді. Бұл туралы бүгін қалалық прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, жер учаскелерін түгендеу кезінде Алматыда жергілікті атқару органдарынан үй салу үшін 2008-2011 жылдары бөлінген 225 жер учаскесі игерілмегендігі анықталған. Бұл тексеру нәтижесі бойынша жер учаскелерінің иелеріне оны тиісті мақсатта пайдалану туралы қажетті хабарлама берілген.

«ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес, егер тұрғын-үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесі 2 жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаса, меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылады. Сол себепті мамыр айында қалалық прокуратураның талабы бойынша, аумақтық жер инспекциясы жер учаскелеріне қайтадан бақылау түріндегі тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 107 жер учаскесі тиісті мақсатқа пайдаланылмай жатқаны анықталды», - дейді Ж. Өмірәлиев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум