Алматыда «Титаник» фильмі 3D-да көрсетіле бастады

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде кинематография тарихында көрсетілімнен ақшаны ең көп жинаған картиналардың бірі - «Титаниктің» премьерасы өтті.
None
None

Бұл туралы Hittv.kz хабарлады.

Джеймс Кэмеронның фильмі көрермен назарына осыдан 14 жыл бұрын ұсынылуы тиіс болған нұсқаға ауыстырылды. Бірақ техникалық жағдайлар оған бүгін ғана мүмкін берді.

Айта кетейік, Қазақстан эстрадасының көптеген жұлдызын залға жинаған алматылық премьера өтпей қалудың аз-ақ алдында болды. Көрсетілімнің дәл басталар алдында кинотеатрда жарық өшіп қалды. Қуанышқа орай, 10 минут қараңғылықтан кейін жарық қосылып, көрермендер танымал апатты-фильмді тағы бір мәрте бағалады.

Блоггер Самсон Шоладеми:«Титаниктің» әлемдік прокатқа шыққаны жақсы болды. Себебі, ТМД елдерінде тұратын көптеген адамдар оны үлкен экраннан көрмеген болатын. Қазірондай мүмкіндік туып отыр», - дейді ол.

VJ Xit TV Фима Ивановтың пікірінше, «Титаник» бұл классика, ал классика ешқашан ұмытылмайды. Онымен қоса, ол қайта жаңғыртылды.

Соңғы жаңалықтар