Алматыда ТМД елдерінің жас ғалымдары бас қосты

Оны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманиталық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырып отыр. Оған Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Өзбекстанның 200-ге жуық жас ғалымдары және ҚР Тұңғыш Президенті қоры байқауларының жеңімпаздар мен лауреаттары қатысуда. Кеңестің алғашқы күні гуманитарлық, табиғи және техникалық ғылым салаларындағы "Болашақтың ғалымы" республикалық үздік студенттері жұмысы байқауының жеңімпаздары марапатталмақ. Сондай-ақ "Достастықтағы ғылым мен инновация" көрмесі ашылады. "Медико-биологиялық және табиғи-техникалық бағыттар", «Жас әлеуметтанушы ғалымдар және әлеуметтік қызметкерлер", "Жастардың ғылым мен инновациялар: таңдау стратегиясы және жаңарту" сессиялық мәжілістері өтеді. Соңынан қонақтар әл-Фараби атындағы ҚазҰҰ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен түрлі ғылыми зерттеу институттарын аралайды. Ал ертең қоғамдық медицина және жастардың бастамалары жобаларын қолдау бағытында жас ғалымдар олимпиадасын өткізу жайы жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар ТМД елдері Жас ғалымдар кеңесі төрағаларының кеңейтілген мәжілісі және "Қазіргі заманғы мәдени-тілдік кеңістік: мемлекеттік тіл мен тілдік тұлғалық» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны жоспарлануда.