Алматыда ТМД-ға мүше елдердің салықтық тергеу органдары басшыларының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп жатыр

/strong>Мамырдың 27-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ТМД-ға мүше елдердің салықтық тергеу органдары басшылары Үйлестіру кеңесінің 12-ші отырысы өз жұмысын бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үйлестіру кеңесінің отырысы Қазақстанда осымен үшінші рет өтіп отыр. Оған 11 мемлекеттің салықтық тергеу органдарының басшылары қатысуда. Оның 8-і Үйлестіру кеесінің мүшелері болса, Латвия, Эстония және Украинаның құқық қорғау органдарының делегациялары бақылаушы ретінде қатысып отыр. Бұл басқосу екі күнге созылмақ», дейді ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин.

Бұл ұйым ТМД елдерінің салалық ынтымақтастық органы ретінде 1999 жылдың қазан айында Минскіде салық заңнамасының бұзылуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мен әрекеттерді үйлестіру мақсатында құрылған болатын. Салықтық тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің (СТОБҮК) ережесінің жобасы 2000 жылы мамырдың 10-да ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесінде бекітілді. Алғашқы отырыс 2000 жылы қарашаның 24-де Мәскеуде өтіп СТОБҮК ережесіне Әзірбайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Ал екінші отырыс 2001 жылы мамырдың 28-29-ы күндері Алматыда болды. Қазақ елінде одан кейін бұл шара 2006 жылы қыркүйектің 21-22-сі күндері Астана қаласында жалғасты. Ал бұған дейінгі ХІІ отырысы 2009 жылы қыркүйектің 9-11 күндері Шолпанатада болған еді.

Соңғы жаңалықтар