Алматыда ТМД мүше-мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің 61-отырысы басталды
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бүгін Алматыда өтіп жатқан ТМД мүше-мемлекеттерінің қорғаныс министрлері кеңесінің 61-отырысының ашылу рәсімінде айтты.
Оған Әзірбайжан, Армения, Беларус, Қазақстан, Ресей, Украина қорғаныс министрлері мен Өзбекстан қорғаныс министрінің орынбасары қатысуда.
Бұл алқалы жиында серіктестіктің өзара әрекеттестігінің көпжақты бағыттары бойынша 20-дан астам мәселелер қаралмақ. Оның ішінде ТМД қорғаныс министрлері кеңесі жұмыс органдарының ағымдағы жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған жұмыс жоспары, әскери мақсаттағы бірлескен жүйелерді құру және жетілдіру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласында даму бағыттарын анықтау, 2012 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірлескен жүйелерінің біріккен іс-шараларын өткізу, ТМД-ға мүше мемлекеттер Қарулы Күштері әскери қызметшілерін таулы аймақ жағдайында әрекет етуге даярлау және тағы басқа да мәселелер бар.
Отырыс кезінде Достастық елдерінің қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша келісімге келмек.