Алматыда ТМД Ұлттық олимпиада комитеттері жетекшілері Сочи-2014 Олимпиада ойындарына дайындық мәселелерін талқылауда

Ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Юрий Юрьевтің айтуынша, 15 елдің ұлттық комитетінің жетекшілері қатысып жатқан бұл шара Алматыда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқыда семинар деп аталып, кейін аймақтық форумға айналған бұл шара соңғы рет 2011 жылы 20-21 қазанда Әзірбайжанның Баку қаласында өткен еді. Оған дейін Мәскеуде 5 рет, Минск пен Ереванда 2 рет, Тбилиси, Кишинев, Рига, Баку және Алматыда бір реттен өкізілді.
Бұл форумда 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына және 2015 жылғы Тбилисидегі Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы фестивалі мен Бакудегі Бірінші еуропалық ойындарға дайындық мәселесі тыңдалмақ. Онда сондай-ақ, Литва, Беларусь, Армения Ұлттық олимпида комитеттері жетекшілері де баяндама жасайды деп жоспарлануда. Ал ертең форумға қатысушылар Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғысы базасы мен Шаңғымен тұғырдан секіру кешенін араламақ.