Алматыда тоғызыншы «Халықаралық джаз мерекесі» фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда сәуірдің 8-11 күндері аралығында «IX халықаралық джаз мерекесі» дәстүрлі фестивалі өтеді.
None
None

Бұл жайында бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Тагир Зариповтың басқаруындағы джаз мектебі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық білім басқармасы, Швейцария, Түркия, Франция, Австрия елшіліктері мен Гёте- институты ұйымдастыруда.

Аталмыш фестивальдің мақсаты - қазақстандықтарды әлемдік джаз музыкасы жұлдыздарымен таныстыру және шетелдік мамандардың шеберлігі арқасында жергілікті музыканттардың одан әрі дамуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар балаларға музыкалық сапалы білім беру, шетелдік музыканттармен отандастарымыз арасында байланыс орнатып, джазды кеңінен насихаттау.

Дәстүрлі фестивальді Т.Зариповтың басқаруындағы «Almaty Youth Jazz band» оркестры ашады. Осы жылғы шараға Швейцария, Германия, Түркия, Қырғызстан, Австрия, Франция және Қазақстан топтары қатыспақ.

Франция Елшілігінің білім жөніндегі атташесі Йоан Шиттерердің айтуынша, қазақстандық джаз-фестиваль үлкен абыройға ие, өйткені жыл сайын оған қатысушылар мен қонақтардың саны өсуде. «Джаз - бұл барлық жерде тыңдалатын музыка. Биыл алматылықтар мен оның қонақтарын таң қалдырамыз деген үмітпен Франциядан «Clip! La Lune!» тобы келіп отыр», деді Й.Шиттерер.

Соңғы жаңалықтар