Алматыда тоңазытқыш ішінен 2 бүлдіршіннің денесі табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тоңазытқыш ішінен екі баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Алматыда тоңазытқыш ішінен 2 бүлдіршіннің денесі табылды

Қалалық ІІД ресми өкілі қайғылы жайттың орын алғанын растады.

Оның айтуынша, Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан иістене бастаған 1,5 және 4 жастағы екі баланың денесі табылған.

Көршілері хабарлағандай, бұған дейін бұл пәтерді үш баласы бар әйел жалдап тұрған.

Әйелдің өзі 1 жастағы баласымен қайда кеткені белгісіз.

«Қазір аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркеліп, сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа ақпарат тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді», - деді Салтанат Әзірбек.