Алматыда «Тotalitro» компаниясына бәсекеге қарсы әрекеті үшін 2,7 млн. теңге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Тotalitro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекеті үшін 2,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Тotalitro» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 159-шы бабының 2-ші тармағында көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасағандығы бойынша кінәлі деп табылды.

Бұл заңды тұлғ,а ҚР монополистік қызмет саласына қатысты заңнамаларды бұзған, яғни бәсекеге қарсы әрекеттер жасаған.

«Тotalitro» компаниясы кірісінің 3 пайызын өндіріп алу бойынша 2,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот компанияның 1,9 млн. теңге көлеміндегі монополиялық кірісін тәркіледі. Апелляциялық сот алқасы бірінші инстанция сотының бұл қаулысын өзгеріссіз қалдырды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар