Алматыда төтенше жағдай режімі жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең қалалық мәслихатта Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалада төтенше жағдай режімі жарияланғаны мәлім етті.
None
None

«Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалып отыр. Төтенше жағдай аясында 2 млрд. теңге бөлінді», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бүгін таңертеңгі сағат 06:20-да оқиға болған аймақты тікұшақпен аралау барысында 3500 метр биіктікте мұздықтар мен мореналық көлдер басталатын тұста ауа температурасы 11 градус болды. Сол көлдердің бірінің табаны бұзылып, суы бөгетке қарай аққан. Қарғалы өзеніндегі бөгет жартысына дейін суға толды. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығынның көлемі есептелуде. Төтенше жағдай жарияланған жағдайда зардап шеккендерге қажетті сома бөлінеді», - деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар