Алматыда Toyotasu-2009 көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Бүгін Алматыдағы Атакент іскерлік көрме орталығында «Қазақстандағы Toyotasu-2009» көрмесі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көрме әлемдік компанияның өнеркәсіпті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, өнім сапасын жақсарту бойынша компанияның ұсыныстарымен байланысты 3 негізгі тақырып бойынша өтуде. Бірінші бөлім компания қызметіне арналса, екінші бөлімде - азық-түлік, демалуға арналған жабдықтар, үшінші бөлімде ауыр машиналар, өндірістік технологиялар, кешенді зауыт жабдықтары бар.Шараның ашылуына «Тойота Цусе Корпорейшн» компаниясының президенті Джундзо Шимидзу, атқарушы директоры Тимио Шинозаки, Алматыдағы өкілдігінің басшысы Шибата Иошикита мен компанияның Қазақстандағы серіктестері қатысты. Бұл шара «Сіздермен бірге гүлденген болашаққа» деген атаумен өтуде. «Қазақстан алдына Орталық Азиядағы ірі мемлекет болу мақсатын қойып, бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда. Біз де Қазақстанмен бірге гүлденуді және Қазақстанның дамуына үлес қосуды мақсат тұтамыз. Бүгінгі көрменің атауы сол мақсатқа сәйкестендіріліп отыр», - деді көрме аясында өткізілген баспасөз мәслихатында «Тойота Цусе Корпорейшн» компаниясының президенті Джундзо Шимидзу.Көрме 18 мамырға дейін жалғасады.ҚазАқпарат анықтамасы: «Тойота Цусе Корпорейшн» Жапонияның «Тойота» компаниялар тобына кіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Бүгінде ол металдар, жабдықтар мен электроника, автокөлік, энергетика және химия, азық-түлік, талшықтардан жасалған тауарлар өндіру сынды 6 сала бойынша жұмыс істейді. Қазақстанда өз өкілдігін 2007 жылы ашқан.
Соңғы жаңалықтар