09:57, 02 Желтоқсан 2014 | GMT +6
Алматыда трамвай депосында өрт шықты (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Гоголь-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан трамвай депосында өрт шықты.
Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметі растады.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрт таңғы сағат 3-тер шамасында басталған. Қызыл жалын шамамен 1000 шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Әзірге қалалық ТЖД өрттің неден шыққанын айтпай отыр. Қалалық құтқару қызметі жапа шеккен адамдардың жоқтығын хабарлады.