Алматыда тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс нысаны сүрілетін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Мәуленов көшесі, 96/77 үйге қосымша салынған екі қабатты құрылыс нысаны рұқсатсыз салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша аталмыш нысан белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған.

«Алмалы аудандық соты басқарманың талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен қосымша құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыда тұрғындардың шағымынан соң дәмхананың террасасы сүрілген болатын.


Соңғы жаңалықтар