Алматыда тұтынушылар топтарына сараланған тариф енгізілгеннен кейін су шығыны 104,5 млн. текше метрге қысқарды

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда 2008 жылы тұтынушылар топтарына сараланған тариф енгізгеннен кейін жыл сайынғы су жинау көлемі Алматы өзенінің жылдық ағынымен тең келетін деңгейде қысқарды.
None
None

Бұл жайлы «Бастау» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Қуанышкелді Базылов бүгін Алматы 1 ақпаннан бастап тұтынушылардың тұтыну көлеміне байланысты 3 деңгейлі саралаған тарифтің енгізілетіне орай өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.

«Тұтынушылар топтарына сараланған тарифті енгізген соң апаттық жағдайлар 2008 жылғы 3282-ден 2012 жылы 2253-ке төмендеді. Су шығыны 104,5 млн. текше метрге, ал жыл сайынғы су жинақтау 65 млн. текше метрге қысқарды. Бұл Кіші Алматы өзенінің жылдық ағынымен тең келеді. Бұдан бөлек, электр қуатын үнемдеу 3 жылда 15 млн. кВт төмендеді. Ағынды суды тазарту сапасы 1,5 есе жақсарды», - дейді Қ.Базылов. Оның айтуынша, 2008 жылдан бері сумен қамту бойынша 47 шақырым су желілері ауыстырылды. 25 шақырым кабелдік желі қайта төселінді. 2,8 мың жапқыштар алынып, ауыстырылды. 68 қысым реттегіш қондырғысы орнатылды. Тереңдігі 500 метрге дейінгі 17 ұңғыма бұрғыланды. 181 дана сорғы жабдықтары алмастырылды. 3,9 мың жалпы үйге арналған есептегіш құралы қондырылды. Натрий гипохлоридін қолдану арқылы суды залалсыздандырудың қауіпсіз технолгиясы енгізілді. 16,8 шақырым кәріздік желілер қайта төселді. 750 мың текше метр тұнбалар тазартудан өткізілді. Жалпы аумағы 20 гектар болатын жаңа тұнба орны салынды. Кәріздік тазарту ғимараттарын жетілдірудің арқасында ағынды суды тазарту сапасы алдыңғы тазартулармен салыстырғанда 1,5 еседей жақсарды.

Соңғы жаңалықтар