Алматыда Үкімет басшысы «Даму» қоры қызметінің нәтижесімен танысты

Барлық өңірлерде кәсіпкерлікті бастауға ниетті немесе бизнесі бар азаматтар жеке іскерлікті ашу мен оны жүргізу бойынша және кәсіпкерлікті тиімді басқару тұрғысында сапалы кеңес алуды қажеттілік етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың Алматыдағы сапары барысында «Даму» қорының басшысы Ләззат Ибрагимова айтты.
Үкімет басшысына «Даму» қоры қызметінің нәтижесі мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің қалалық орталығының жұмыстары таныстырылды.
Бұдан кейін С. Ахметовке «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы баяндалды. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер 31,5 млрд, теңгеден астам қаржыға субсидия алған екен, оның ішінде Алматыдағы жобалар бойынша 1,95 млрд. теңге бөлінген.
Өткен жылы «Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдаудың инфрақұрылымын құруға кіріскен болатын. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары Алматы мен Шымкентте ашылды, сондай-ақ жақында бұндай орталықтар өзге де облыс орталықтары мен Астанада және моноқалаларда іске қосылмақ.
Аталған орталықтардың басты мақсаты - «жалғыз терезе» қағидаты тәртібінде кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Алматы мен Шымкентте 2012 жылдың қазанында ашылған болатын. Бұл уақытқа дейін осында 3600-ден астам кәсіпкер келіп, 5 мыңға жуық кеңес көмектерін алған.