Алматыда «Ұлттық ойын ?жадымда» деп аталатын спорттық сайыс өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында «Ұлттық ойын - жадымда» деп аталатын спорттық сайыс өтіп жатыр. Оны «Нұр Отан» ХДП «Жас отан» жастар қанатының «Заңғар» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл бірлестік сәуірдің 8-інде құрылған болатын. Біздің бұл шарамыз ұлттық ойындарды көпшілікке таныстыру және салауатты өмір салтын насихаттауға арналып отыр. БАҚ өкілдері қоғамда әрқашан жаңалықтың жаршысы, игі бастамалардың қолдаушысы ретінде қызмет атқаратындықтан, ұлттық ойындарды ең алдымен БАҚ өкілдері арасында өткізіп отырмыз. Орталық стадионның кіші алаңындағы бұл сайыста олар «Сиқырлы таяқ», «Қаһарлы-Бану», «Сақина салу», «Қол күрестіру», «Арқан тарту», «Кір көтру», «Дәл басу», «Саққұлақ», «Мырыш-мырыш», «Ортаға түспек», «Ақ терек» сияқты ойындар бойынша өзара сынға түсуде», дейді «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықбаев. Оның айтуынша, бұл бір айдың ішінде өткізіліп отырған екінші ірі шара. Бұған дейін олар Елбасының шенеуніктер демалыс және мереке күндері қызметтік көліктерін пайданбау туралы тапсырмасы бойынша рейд жүргізген. «Онда қызметтік куәліктерін көрсеткен адамдар арасында прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жиі кездесті. Енді алдағы аптада, мамырдың 14-і күні қаладағы балалар үйлеріндегі жетім балалардың басын қосып концерт қоймақпыз. Сондай-ақ жоғары және арнайы білім алғысы келген жастар үшін қала орталығында барлық оқу орындарының «Болашағыңды таңдай біл» деген көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз», дейді Айдар Қырықбаев.
Соңғы жаңалықтар