Алматыда ұлына зорлық жасаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәмелет жасқа толмаған ұл балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған деп айыпталған сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-ші тармағында қарастырылған қылмыстарды жасаған деп айыпталған О.Ц.-ға қатысты алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Соттың анықтағанындай, О.Ц. жұбайының үйде жоқтығын пайдаланып, жас баласымен жеке қалып, балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасағаны үшін  кінәлі деп танылды.

Сот отырысында О.Ц. өзіне тағылған айып бойынша  кінәсін мойындамады. Бірақ, алқабилердің қатысуымен шығарылған сот үкімімен О.Ц.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-ші тармағы бойынша  педагогикалық немесе кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол жазасын қатаң режімдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар