Алматыда университеттердің академиялық еркіндігін іске асыру жағдайындағы білім беру сапасы талқыланады

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (ҚазЭУ) ағымдағы жылғы 22-23 қаңтарда «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды және әдістемелік қамтамасыз етуді жаңарту» атты IX республикалық оқу-әдістемелік конференция өтеді. Негізгі тақырыбы - «Университеттердің академиялық еркіндігін іске асыру жағдайындағы білім беру сапасы», деп хабарлады ҚазЭУ баспасөз қызметі.

Алматыда университеттердің академиялық еркіндігін іске асыру жағдайындағы білім беру сапасы талқыланады

Конференцияға ҚР БҒМ, жоғары оқу орындары, елдің ғылыми қоғамдастықтары мен бизнес-қауымдастықтары өкілдері, бизнес-білім беру, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларының ұйымдастырушылары қатысады.

Бағдарламада - секциялық отырыстар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тұсаукесері, 2013 жылғы «Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің үздік оқытушысы», «Оқырманы көп факультет» және «Ең сұранысқа ие оқулық» конкурстарының қорытындыларын шығару.

Негізгі іс-шаралардың бірі - Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» мамандықтар тобы жөніндегі оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы, онда «РФ экономикалық мамандықтардың ОӘК рөлі мен заманауи функциялары», «Академиялық еркіндіктер - оларды іске асыру проблемалары мен перспективалары», «Академиялық ұтқырлықты оқу-әдістемелік сүйемелдеу» мәселелері талқыланады. Конференция жұмысының қорытындысымен ұсынымдар қабылданады.