Алматыда үш бала иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше түнгі сағат 23-тер шамасында қатты отынмен жанатын пештің бұзылуы салдарынан Алматы облысы Іле ауданы Қайнар ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде оқыс оқиға орын алған.
None
None

Нәтижесінде иіс тиіп уланған балалар 1999 жылы туған И.Бақтыбаев, 2002 жылы туған А.Бақтыбаева және 2010 жылы туған А.Бақтыбаева ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар