Алматыда үш баланы өрттен құтқарған әскери қызметші марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында үш баланы өрттен құтқарған оқу орталығының әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Нұрқанат Дүйсенов марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Институт басшысы, полковник Асқар Мұсабеков әскери қызметшіге батылдығы мен қайсарлығы үшін Қорғаныс министрінің атынан алғыс білдірді.

«Нұрқанаттың батыл қадамы - әр қазақстандыққа үлгі боларлық, өйткені қайсарлық пен батылдық таныту қызметтік міндетті атқару кезінде ғана емес, өмірде кездесетін кез келген жағдайларда қажет», - делінген ҚР Қоғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, оқиға биылғы 11 наурыз күні Алматыдағы Бірінші май көшесіндегі жатақханада болды. Жұмыстан қайтып келе жатқан 25 жастағы Нұрқанат Дүйсен жатақханадан шыққан қою түтінді байқаған, кейін терезелердің бірінен көмек сұраған дауысты естіген. Ол дереу көмекке ұмтылып, 2013 және 2016 жылы туған екі баланы екінші қабаттағы түтін басқан бөлмеден алып шықты. 2018 жылы туған үшінші баланы анасы терезеден лақтырған. Нұрқанат оны сырт киіміне қағып алған.

null

Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады.

Соңғы жаңалықтар