Алматыда ұсталған алаяқ өзінің бұрынғы қылмыстарын мойындады

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы қаласында ұсталған алаяқ өзінің бұрынғы қылмыстарын мойындады. 34 жастағы күдіктінің адамды тонау фактісіне қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

1983 жылғы  ер азамат өзінің Алматы облысы аумағында бірнеше қылмыс жасағанын, атап айтқанда екі алаяқтық пен бір тонау фактісін мойындады.

«Күдіктінің 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысынан Іле ауданына келген жүк көлігі жүргізушісінің тоналуына қатысы бары дәлелденді. Зардап шегушіге күш көрсету арқылы 6 000 000 теңгесін алған. Сондай-ақ осы ауданның ауыл тұрғындарына алаяқтық жасаған екі жағдай белгілі болды», - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар