Алматыда үйі өртеніп, баспанасыз қалған 16 отбасы уақытша орналастырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үйі өртеніп, баспанасыз қалған 16 отбасы уақытша орналастырылды.
None
None

Айта кетейік, бүгін түнгі 01:30-да Жетісу ауданы Тобаяқов көшесіндегі 112 барак типтес үй өртеніп, 16 отбасы, оның ішінде 60 үлкен кісі, 18-і кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім баспанасыз қалды. Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыды.

Жетісу аудандық әкімдігі жапа шеккен тұрғындарды уақытша пәтерлерге және жақын маңайда орналасқан қонақүй типтік жатақханаға орналастырды.

Сондай-ақ, әкімдік халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығына зардап шеккен азаматтардың жеке куәліктерін және үй құжаттарын қайта қалпына келтіруге тез арада көмек көрсетуді тапсырды.

Оқиға орнында әрекет еткен комиссияның бастамасымен мектепке баратын балалардың тізімі құрылды. Болашақта барлық бала мектеп формасымен, кітаптар және кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

Жетісу ауданы әкімдігінің аппаратынан хабарлағандай, ТЖД-дан тиісті анықтамаларын алғаннан кейін жапа шеккен отбасыларға ауыр өмірлік жағдайға тап болғанына байланысты бір реттік материалдық көмек алуға ықпал етіледі.

Соңғы жаңалықтар