Алматыда велосипедшіні қаққан автобус жүргізушісінің үстінен іс қозғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД велосипедшіні қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда велосипедшіні қаққан автобус жүргізушісінің үстінен іс қозғалды

«Аталған фактіге байланысты сот-медициналық сараптама  тағайындалды. Егер жәбірленушінің  денсаулығына айтарлықтай зиян келмесе іс  әкімшілік тәртіпте қаралады. Ал орташа немесе ауыр зақым келген болса іс қылмыстық сипат алуы мүмкін»,-деп мәлім етті департаменттегілер.

 Еске сала кетсек, 20 тамыз күні автобус жүргізушісі велосипед теуіп келе жатқан жас қызды қағып кеткен болатын. Ол өзінің командасымен  Құлжа тас жолының бойында кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші жарақаттанған еді.