14:01, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лига командалары Қазақстан чемпионатындағы 3-ші тур ойындарын өткізуде
АЛМАТЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы Октябрь Жарылқапов атындағы спорт кешенінде волейболдан әйелдер арасында Ұлтық лига командаларының ХVII Қазақстан чемпионатының 3-ші тур ойындары басталды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жарыстың алғашқы күні Астана қаласының «Астана қанаты» Павлодар облысының «ЕртісҚазхром» командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Бірінші партияда астаналықтар (25-12) басым түскенімен, екінші партияда есеп (12-25) теңесті, үшінші партияда астаналықтар қайтадан белсенділік (30-28) көрсеткендей болғанымен, соңғы төртінші партияда қарсыластарынан ойсырай (12-25) жеңілді. Ал Алматы облысының «Жетісуі» жергілікті «Алматы» командасынан қатарынан үш партияда (25-17, 29-27, 16-15) үстем шығып сайысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Бүгін «Астана қанаты» мен «Жетісу», «Алматы» мен «ЕртісҚазхром» өздерінің 3-ші турдағы екінші ойындарын өткізеді. Олардың соңғы кездесуі жарыс кестесі бойынша қаңтардың 22-сінде болады.