Алматыда волейболдан дәстүрлі фестиваль өтті

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда Октябрь Жарылқапов атындағы спорт кешенінде жыл сайынғы «Волейбол фестивалі» өтті.
None
None

Халықаралық волейбол федерациясының бастамасымен 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл шараны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен ҚР Волейбол федерациясы бірлесіп өткізді. Оған бұл жолы 1997-1998, 1999-2000, 2001-2002 жылдары туған қыздардың - 28, ер балалардың 14 командасы қатысты. Аса тартысты өткен жарыста қыздар арасындағы бәсекеде «Армияшылардың орталық спорт клубы», «Волейбол академиясы», «Алматы-5» командалары жеңімпаз атанды. Ал балалар арасында «Ұшқын», «Қар барысы», «Сұңқар» командалары өз топтарында үздік шықты.

Балаларды қорғау күніне орайластырылған бұл фестиваль биыл тек Алматыда ғана емес, Павлодар мен Өскемен қалаларында да өтті.

Соңғы жаңалықтар