Алматыда «Волоколамск шебі» атты патриоттық акция өтті

МАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Мәскеу үшін шайқастағы Панфиловшылар дивизиясының батырлық ерліктерінің 70 жылдығы мен ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Волоколамск шебі» атты патриоттық акциясының екінші кезеңі болды.
None
None

Естеріңізге сала кетсек, патриоттық акцияның бірінші кезеңі 17 қарашада өтті. Бұл күні альпинистердің Батыр-панфиловшылар шыңына (4125 м) шығу шарасы ұйымдастырылды. Шыңға Жеңіс Туының көшірмесі қойылды.

Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының, ауған соғысының ардагерлері, Ресей Федерациясының бас консулдығы мен «Нұр Отан» ХДП-ның және қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен әскери-патриоттық клубтардың курсанттары қатысты.

Акцияға қатысушылар 28-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы мәңгілік алауына, сонымен қатар, генерал И.В. Панфилов пен Б. Момышұлы ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Шара барысында әскери қалпына келтіру бастамашыларымен дайындалған тарихи экспозиция ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар