Алматыда XIII Seimar Open гольфтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы «Nurtau» гольф-клубында XIII Seimar Open гольф ойыны әуесқойлары арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Корея, Жапония, АҚШ және Еуроодақ елдерінен әртүрлі жас мөлшерінде 100-ге жуық адам қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жолы өздерін мықты ойыншы ретінде байқатқан Корея өкілдері сәтті өнер көрсетеді деп күтілуде. Сонымен қатар Илья Коречников, Роман Морозов және Қостанай гольф мектебінен Бекарыс Сұлтанғазин сынды болашағынан үлкен үміт күттіретін еліміздің ойыншылары да бар. Осы спортшылардың немесе олардың құрдастарының бірі 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадалық ойында Қазақстан намысын қорғайды.

1998 жылдан бастау алатын Seimar Open Қазақстан чемпионатына осы уақытқа дейін мыңнан аса ойыншы қатысқан, олардың қатарында әлемнің әр елінен келген кәсіби және әуесқой спортшылар бар.

Соңғы жаңалықтар