Алматыда заң саласын жетілдіру мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «Қазақстанның жедел индустриялық-инновациялық даму кезеңі мен әлемдік кеңістіктегі ықпалдасу үдерістерінің белсенді кезеңіндегі заң шығару үрдісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
None
None

Шараның ұйымдастырушысы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мемлекет және құқық институты, ҚР Әділет министрлігі. Конференция ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы міндеттердің жүзеге асырылуын талқылауға арналған. Сонымен қатар мәслихат барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде заң шығару үдерістері, заң шығару қызметін жетілдірудің теориялық және тәжірибелік аспектілері, заң актілерін халықаралық талаптарға сәйкестендіру, заң жобаларына сараптама жасау мәселелері сөз болуда.

Елбасы 1 қыркүйекте ҚР Парламентінің кезекті сессиясын ашу барысында 2020 жылға дейінгі еліміздің стратегиялық даму жоспарын заң актілерімен қамтамасыз етуді басты мәселенің бірі ретінде атап өткен еді. Осыған орай конференция барысында стратегиялық жоспардың жүзеге асырылуы мен Қазақстанның 2010-2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының орындалуына баса мән беріліп отыр.

Жиынға Президент Әкімшілігі, Жоғарғы сот пен Бас прокуратура, Конституциялық кеңес, Экономикалық қылмыстар және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Әділет министрлігі мен Парламент Мәжілісінің депутаттары, саяси ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, саясаттанушы, құқықтанушы ғалымдар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар