Алматыда заңды бес саусақтай білетін сатушыларға сыйлық берілді
Рейд жасаушылар бірінші кезекте қоғамның көкейінде жүрген «сатушылар заңды біле ме? куәліктерін сұрай ма? жасөспірімдерге шылым сатқаны үшін қанша айыппұл салынады?» деген сұрақтарға жауап алды.
Заңды мүлтіксіз білетін және оны қалтқысыз сақтайтын «Күнегей» дүкенінің сатушысы тәтті сыйлық - төлқұжат (куәлік) пішініндегі тортқа ие болды.
Ал қалған дүкеншілерге дүкенде киетін алжапқыш және тиын салғыш сыйланды.
«Жүргізілген қорытындыға сәйкес сатушылар сатып алушылардың жасын келбетінен аңғарады, ал күмәнді болса, куәліктерін сұрайтынын айтты. Ең өкініштісі, сатушылар салынатын айыппұлдың сомасын білмейтін болып шықты. Біз бұл шараны сатушыларды жазалау мақсатында емес, Қазақстанда 18 жасқа толмаған балаларға темекі сатуға болмайтынына назар аударту үшін ұйымдастырдық», - деді қозғалыстың үйлестірушісі Эльмира Жомартова.