Алматыда заңнаманы бұзған 80 компания бюджетке қосымша 1,3 млрд. теңге салық төледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Соңғы екі аптаның ішінде Алматыда салық заңнамасын бұзған 80 компания бюджетке қосымша 1,3 млрд. теңге салық төеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті камералды тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтарды өз беттерінше жоймаған салық төлеушілер арасында түсіндіру жұмыстарын бастады. Енді аталмыш департамент деңгейінде құрылған жаңа жұмыс тобының құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері де енді. Осындай түсіндіру жұмыстарының арқасында соңғы екі апта ішінде 80 компания бюджетке қосымша 1,3 млрд. теңге салық төледі. Олар бұған дейін өздері жіберген қателіктерді, заң бұзушылық әрекеттерді жоюға немқұрайлықпен қарап келген» - делінген хабарламада.

Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, салық төлеуден қасақана жалтарып келе жатқан компаниялар да бар. Бүгінгі таңда соларға қатысты департамент тарапынан 12 материал әзірленген. Олардың ішінде айтар болсақ, мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарған жұмыстары үшін «Н» ЖШС-нің банктік шотына 2,5 млрд. теңге аударылған. Ал камералды тексеру барысында аталмыш фирманың бюджетке шамамен 500 млн. теңге кем төлегені анықталды. Бұдан басқа «Ж.О» ЖШС - ірі мердігерлік құрылыс компаниясы да салық заңнамасын бұзған. Оның шотынан біркүндік-фирмалардың шоттарына 2,1 млрд. теңге бюджеттік қаржы аударылған. Ал салық бойынша бюджетке 720 млн. теңгеге залал келтірілген.

Соңғы жаңалықтар